Все регионы
  • Искать во всех регионах
  • Алматы
  • Нур-Султан
  • Актау
  • Актобе
  • Атырау
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
  • Павлодар
  • Петропавловск
  • Усть-Каменогорск
  • Шымкент
Не найдено - ""
Объявление снято с публикации
5 апреля 2023

Бос жұмыс орындарына конкурс жариялау

Тараз | Добавлено: 29 марта 2023, номер: 226905

Бос жұмыс орындарына конкурс жариялау, Отдам даром

Тараз | 29 марта 2023, номер: 226905, просмотры: 22
    Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «№2 «Болашақ» арнайы мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бос орынға педагог қызметкерлерді қабылдау бойынша конкурс жариялайды.
    • Конкурс өтетін мекеменің мекен-жайы: Тараз қаласы, 2 "Қаратау" шағын ауданы, 18 А. Анықтама байланыс телефоны: 34-68-43. e-mail: bolashak.internat@yandex.kz
    • Конкурс келесі орындарға жүргізіледі: түзету пәндерінің мұғалімі (жүктілігіне және босануына байланысты демалысқа шыққан қызметкердің орнына уақытша) - 1 штат бірлігі, тифлопедагог - 1 штат бірлігі.
    Негізгі функционалдық міндеттері "Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" ҚР Білім және ғылым министрінің 13.07. 2009 жылғы №338 Бұйрығының 9, 12-параграфтарында белгіленген. Еңбекке ақы төлеу мөлшері 100000 тг бастап. Жұмыс кестесі 16 сағаттық апталық жүктеме бойынша 5 күндік жұмыс аптасы.
    • Конкурс Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығында көрсетілген талаптарға сәйкес өтеді.
    • Бос жұмыс орындары туралы хабарландыру "Enbek.kz" сайтына жарияланды.
    • Құжаттарды қабылдау 2023 жылғы 30 наурыздан бастап жеті жұмыс күні ішінде (8 сәуірге дейін) жүргізіледі .
    • Комиссия кандидаттар құжаттарының Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігін қарауды 2023 жылғы 10-14 сәуір аралығында жүргізеді.
    • Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
    1) конкурсқа қатысу туралы өтініш (№57 бұйрықтың 10-қосымшасы);
    2) жеке басын куәландыратын құжат;
    3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы;
    4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
    5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
    6) ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы №175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
    7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
    8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
    9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе "педагог-модератор", "педагог- сарапшы", "педагог-зерттеуші", "педагог-шебер" біліктілік санатының болуы туралы куәлік.
    Ескерту: үміткердің педагогикалық өтілі бола тұра біліктілік санаты болмаған жағдайда және жоғары оқу орны мен кәсіптік оқу орнын бітірген жас мамандар үшін "Педагог" санаты бойынша Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты болу міндетті.
    10) №57 бұйрықтың 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.